Даналық мектебі жұмысы аясында.
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №131 жалпы орта мектебінде 2025 жылдың 12 қыркүйек күні мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен мектеп психологы Ф.Кушербаева «Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы» «Даналық мектебі», «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасына сәйкес, жалпы ата-аналар комитет төрайымдарына тренинг сабақ өткізді.
Мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызы және Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Байсапаров Серікбай ата да психологиялық тренингте ата-аналармен бірге өте белсенді түрде қатысты. Ата-аналар ой-пікірлерін білдіріп, өз ойларын ортаға салып мектеп ұжымына алғысын білдірді.