Жиналысқа барлық сыныптардың ата - аналар комитеттерінің төрағалары, мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
Күн тәртібінде:
2025 - 2026 оқу жылының мақсат, міндеттері.
Мектепте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Тегін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру "Әлеуметтік әмиян", «Алақан» жобасы. «Жол картасы» аясында әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілген көмек түрлері.
Мектептің ішкі тәртіп ережесі. Ата - ананың міндеттері мен жауапкершілігі. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау. 2025 - 2026 оқу жылындағы «Адал азамат» «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ерекшеліктері (жаңартылған мазмұны) 6 құндылық, 6 жоба, «Адал азамат».
Ата - аналар жиналысының басты мақсаты - бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата - аналармен бірлесе қарастыру болды.
Мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызы 2025 - 2026 оқу жылында ендірілген өзгерістерді және мектептің алға қойған мақсат - міндеттерімен ата - аналарды таныстырып өтті.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қамтылып, қарастырылды. Ата - аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.