Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№ 131 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Жүгіру жолы
«№ 131 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

№131 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандияровнаның басшылығымен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті "Бастауышта оқыту әдістемесі' кафедрасының аға оқытушысы педагогика ғылымдарының кандидаты Куанышбаева Зауре Бекенқызы және кафедра меңгерушісі PhD Есназар Асель Жанабергенқызымен бірлесе бастауыш пән мұғалімдеріне "STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін қалыптастыру негіздері" тақырыбында семинары өткізілді. Мұнда қазіргі білім беру жүйесі оқушыларды тек пәндік біліммен ғана емес, өмірлік дағдылармен қаруландыруды көздейтіндігі, STEM бағытында оқыту — бастауыш сынып оқушыларының ғылыми, техникалық, инженерлік және математикалық ойлауын дамытумен қатар, олардың метапәндік біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндама оқылып, тәжірибелік жұмыс тар жүргізілді. Бұл тәсіл білімді өмірмен байланыстыра отырып, оқушының зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау қабілетін арттыратына пән мұғалімдері көз жеткізді. Семинар жоғары деңгейде өтті.