Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №131 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 14 маусым күні бітіруші түлектерге арналған «Аттестат тапсыру» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шараны мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызы ашып беріп, бітіруші түлектерге салтанатты түрде аттестат тапсырды және құттықтау сөз сөйлеп, сәт-сапар тіледі. Биылғы оқу жылында мектебімізде 71 оқушы мектеп бітіріп, оның ішінде
11 «Ә» сынып түлегі Шерінбет Оралхан; 11 «В» сынып оқушысы Наркулова Ұлбосын «Алтын белгіге» және 11 «А» сынып оқушысы Умаров Мақсат "Үздік аттестатқа" бітірді.
Мектеп директорының үлкен өмірге қанат қаққан жастарды құттықтауы, түлектердің білім ұялары туралы әуезді әндерді орындауы, ата-аналардың әсерлі лебіздері бір-бірімен үйлесіп, керемет көтеріңкі көңіл-күй қалыптасты. Кеш қонағы Шымкент қаласы білім басқармасыны, "ЕББҚ" (Ерекше білім беруді қолдау) орталығының әдіскері Ғаппар Гаухар Ғалымжанқызы да бітіруші түлектерге жүрек жарды тілегін білдірді.
Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан, демекші, бітіруші түлектерге ашық, даңғыл жол тілейміз! Ақ жол, жас түлек!