«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №131 жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін, 2024 жылдың 11 желтоқсан күні өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Қаратау ауданы, Бозарық елді мекенінің құрметті ардагері, аудандық ардагерлер жанынан құралған «Аналар» кеңесінің төрайымы, «Ғасыр әжелер» тобының жетекшісі Баишева Қыздығой Жалмырзақызы мектепке «Әженің өнегелі үлгісі» тақырыбында ұлттық құндылықтарды дәріптеп насихаттау мақсатында өз атынан қазақи исі аңқыған көне жәдігер бұйымдарды сыйға тарту етті.
Іс-шара қонақтары Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосымша білім беру оқу салалық орталығының» директордың м.а. Ахметбекова Гулнар Сатыбалдықызы, Сүлейменова Гүлмайра Әлімханқызы, Қаратау ауданының әкімі Мүлкеманов Рахымберды Жанысбекұлы, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы, Қобланов Жанпейіс Нұрмағанбетұлы, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқмағанбетов Асылбек Паметұлы, мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Байсапаров Серікбай ата, Қаратау аудандық «Ғасыр әжелер» тобының мүшелері мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызына және мектеп ұжымына жүрекжарды тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.
«Даналық мектебі» соның ішіндегі мектеп жанынан құралған «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі» және «Жеңгелер мектебі» өз жұмыстарын көрсетіп, келген қонақтар оң бағасын берді.
Аталмыш іс-шара барысында Қаратау аудандық «Ғасыр әжелер» тобы халық әндерін нақышына келтіріп айтса, мектеп оқушыларынан құралған мың бұралған биші қыздарымыз көрермендерді тәнті етті.