Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№ 131 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Жүгіру жолы
«№ 131 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Күз дегенің ақындардың дастаны.
Қандай ғажап, бейбіт күннің аспаны,
Бізбен бірге болыңыздар бәріңіз,
Алтын күздің той-думаны басталды.
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №131 жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін, 2024 жылдың 22 қараша күні, мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен тәрбие жоспарына сәйкес, "НАЗЕРКЕ" қыздар ұйымының төрағасы Байтукова Сабира Қадырбекқызы және Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің ат салысуымен 8 сыныптың оқушыларына "Күз ханшайымы-2024" мектепішілік байқауы ұйымдастырылды. 
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Байқауда ару қыздарымыз мың бұралған биі мен әсем әуендерімен және қол өнер туындыларымен көрерменді тәнті етіп, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.