Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін , 2025 жылдың 23 мамыр күні "МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен үлкен өмірге қадам басты. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Іс-шара барысында мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызы мерекелік іс-шараны ашып, бітіруші жас түлектерге жүрек жарды ыстық лебізін білдірді.
Кеш қонақтары Шымкент қаласының құрметті ардагері Байсапаров Серікбай ата, Қаратау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Шермұханбетов Анарбек аға мектеп ұжымы мен бітіруші түлектерге өз тілектерін айтып, батасын берді.
Мектептің табалдырығынан үлкен өмірге 91 түлек жолдама алды: 91 арман, 91 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек, ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты! Ендеше, бітіруші түлектерімізге сәт-сапар тілейміз! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!
Ақ жол!