Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№ 131 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Жүгіру жолы
«№ 131 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №131 жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін , 2024 жылдың 25 мамыр күні "МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" атты бітіруші түлектерге арналған 
11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 6-шы бітіруші түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Іс-шара барысында мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызы мерекелік іс-шараны ашып, бітіруші жас түлектерге жүрек жарды ыстық лебізін білдірді.
Аталмыш мерекеге мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Данабекова Оразкүл, кеш қонақтары ОҚМУ М.Әуезов атындағы университеті Мәдениет және өнер факультетінің "Бейнелеу өнері, технология және музыкалық білім " кафедрасының аға оқытушысы "Білім беру ісінің үздігі" Ағабекова Салтанат Сабитқызы, 
аға оқытушы, "Арай" ән байқауының лауреаты Елгонова Сандуғаш Дауренбайқызы қатысып, әннен шашу шашып, керемет мерекелік іс-шараның куәсі болды.
Мектебіміздің мақтанышы, "АЛТЫН БЕЛГІГЕ" үміткер 11 «Ә» сынып Шерінбет Оралхан, 11«В» сынып Наркулова Ұлбосын, "ҮЗДІК АТТЕСТАТҚА ҮМІТКЕР" 11 «А» сынып Умаров Мақсат алтын ұя мектебі мен ұстаздарға деген ыстық лебіздерін өз білдірді.
Мектептің табалдырығынан үлкен өмірге 71 түлек жолдама алды: 71 арман, 71 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек, ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты! Ендеше, бітіруші түлектерімізге сәт-сапар тілейміз! Қанаттарың талмасын, жас түлектер! Ақ жол!