Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №131 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен және Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 5 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай, «МЕНІҢ ЕЛІМ-МӘҢГІЛІК ЕЛ!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында жас өнерпаз оқушыларымыз әннен маржан шашып, күй күмбірлетіп, мың бұралған бишілеріміз өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге қуаныш сыйлады.
Іс-шара соңында мектеп директоры Гүлжан Спандиярқызы сөз алып, ұжымды және оқушыларды 25 қазан Республика күнімен құттықтап, ұстаздарға шәкірт тәрбиелеуде қажымас қайрат, толағай табыстар тілеп, іс- шараны қорытындылады.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялатып, ұлтын,елін, отанын сүйетін саналы, білімді, дарынды азамат қалыптастыру.