Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№ 131 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Жүгіру жолы
«№ 131 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №131 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директоры Жарасова Гүлжан Спандиярқызының басшылығымен және қосымша білім беру педагогі Айнаш Туғанбаеваның ұйымдастырумен оқушыларды Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу және елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі-өнегесін оқушылардың бойына сіңіру мақсатында, сондай-ақ 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және Біртұтас тәрбие бағдарламасының «ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ» жобасы аясында «ЖҮРЕГІМ ҚАЗАҚ» атты Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен мерекелік кездесу кеші өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі - Хузеева Найля Магсумовна, Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің мүшесі - Ким Елена Александровна, Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері - Толибжанов Бахтияр Мирисмаилович пен Талиббекова қатысты. Іс-шарада этномәдени бірлестігінің мүшелері құттықтау сөз сөйлеп, алғыстарын білдірді. Мерекелік кеште мектеп оқушылары әдеби композициялық қойылым қойып, ән айтып, түрлі ұлттардың би биін биледі. Әрқашанда тұғырымыз – тыныштық, тірлі¬гіміз – тұрақ¬тылық, тілегіміз – татулық болғай!